KZ Cert Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінен хабарлағандай, алаяқтықтың мұндай тәсілі қолданылуы мүмкін, өйткені зиянкестер жіберген сілтемеде зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету болуы ықтимал немесе ол фишингтік сайтқа апарады.
– Егер сілтемесі бар ақпарат келсе, оны тексеру үшін https://t.me/kzcert чатына жіберіңіз. Қызметкерлеріміз тексеріп, жауабын айтады. Біз 24/7 жұмыс істейміз, – деп хабарлады KZ CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінен.
Сондай-ақ, ақпараттық таратылымда ұялы байланыс компанияларының менеджерлерінің қоңыраулары туралы ескертіледі. Алаяқтар мобильді банкингке кіру үшін парольдерді алуға мүмкіндік беретін сандар мен белгілер жиынтығын телефонда теруді сұрайды.
Beeline компаниясының PR-қызметі мұндай схема техникалық тұрғыдан жұмыс істей алмайтынын хабарлады.
«Телефон арқылы сөйлесу және кейбір сандарды теру арқылы банкингтің құпия сөздерін анықтау техникалық тұрғыдан мүмкін емес. Алаяқтар манипуляция арқылы ақша қаражатын иемдену үшін несие картасының кодын айтуға көндіруі мүмкін. Белгілі бір сандар жиынтығы мен символдарды теру арқылы сим-картаны, мобильді банкингті басқара алмайды. Клиенттер абай болып, алаяқтардан арандатушылыққа бармауы керек. Ұялы байланыс операторларының қызметкерлері абоненттерге ешқашан қоңырау шалмайды және сандар мен символдар комбинациясын теруді сұрамайды» деп хабарлады компаниядан.
Дегенмен, сарапшылар хабарламаларға жауап ретінде немесе бейтаныс біреудің өтінішімен ешқандай деректерді енгізбеуге кеңес береді.
Мұндай алаяқтық схемасы туралы бұған дейін басқа елдерде хабарланған болатын. Бұл жайлы алғаш рет Мәскеу тұрғындары желіде 2017 жылы жазған.