RSS лента

Балаларға қауіп төндіретін ойын пайда болғаны рас па?

  • 26.11.2020, 19:13,
  • 1 439
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stopfake.kz

Қазіргі уақытта WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде қазақстандық пайдаланушылар PC, Android және iOS мобильді платформаларында қолжетімді Among Us танымал компьютерлік ойынының қауіпті екендігі туралы дыбыстық хабарламалар таратуда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Дыбыстық хабарламаларда авторлар ата-аналардан балалардың телефонында бұл ойынның орнатылғанын тексеруді сұрайды. Олар ойында «қорқынышты тапсырмалар беріледі» және «өз-өзіне қол салуға әкеледі» деп мәлімдейді. Бұған дәлел ретінде «34 мектепте орын алған оқиғаны» келтіреді. Дәл осы Among Us ойынның салдарынан оқушы қыз асылып қалған. «Оған тапсырма берілген». Осындай дыбыстық хабарламалардың мазмұнына қарай авторларын анықтау мүмкін емес. «Жазатайым оқиға» қай қалада және қай елде болғандығы да белгісіз.

 

Нақтырақ айтқанда, біз бұл дыбыстық хабарламаны ресейлік ойыншылардың бірінің YouTube арнасынан таптық. Соған қарағанда қарашаның соңында Ресейде жазылып, таратыла бастаған деуге болады. Демек, хабарламада айтылған қайғылы оқиғаның (егер ол орын алған болса) Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ.


Дегенмен, бұл дыбыстық хабарламалар ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне ресми сауал жолдауымызға түрткі болды. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.


АҚДМ өз кезегінде, осы сауалдың шеңберінде «Among Us» ойынында заңсыз контенттің бар-жоғын анықтау мақсатында мониторинг жүргізді.

 

«…Ойын телефонға Playmarket және Appstore арқылы жүктеледі. Ойын барысында хабарламаларды ағымдағы ойынның чатына жіберу арқылы немесе дыбыстық хабарламалар алмасуға мүмкіндік беретін discord қосымшасын телефонға жүктеу арқылы сөйлесуге болады. Пайдаланушылар арасындағы барлық хат-хабарлар ойынның өзінде жүргізіледі, оны басқа қатысушылар көре алмайды. Бұл ретте ойынға қатысушылар арасындағы әңгіменің не жайлы екендігін анықтау мүмкін емес. Осыған байланысты министрлік қандай да бір заңсыз контенттің, оның ішінде ойынға қатысушыларды суицидке итермелеу белгілерінің болуы туралы қорытынды жасай алмайды. Бұл ретте Министрлік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әрбір ата-ана өз баласы үшін жеке жауапты екенін және өз баласының ақпараттық кеңістікте не істеп жатқанын, кіммен хат алмасатынын және қай тақырыпта жазатынын өзі тексеруі тиіс екенін атап өтті», – делінген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми хабарламасында.


 

Among Us ойынына келетін болсақ, ол 2018 жылдың маусым айында шыққан. InnerSloth студиясы әзірлеген ойын екі жыл бойы қарапайым ойындар қатарында болған. Бірақ биыл күзде оған Twitch-те 2,8 миллион жазылушысы бар әйгілі стриммер Sodapoppin назар аударды. Осыдан кейін Among Us бүкіл әлемге танымал болды. Қыркүйек айында ол Steam сату кестесінде бірінші орынға шықты.

 

Among Us – командалық ойын, оған бір уақытта 4-10 адам қатысады. Ол сауық кештерінде немесе достар арасында жиі ойналатын бәріне белгілі «Мафияға» ұқсайды. Бірақ Among Us-та іс-әрекет ғарыш кемесінде болады. Ойыншылар бірігіп, кеме жүйесін істен шығарғысы келетін «сатқынды» анықтауы тиіс немесе кейіпкердердің бірін өлтіруі керек. Ойын кейіпкерлері – кішкентай түрлі-түсті адамдар. Ойынды әзірлеушілердің айтуынша, ойынның мағынасы -«әлеуметтік дедукция».

 

New York Times газеті өз мақаласында ойынның танымалдылығының артуын талқылай келе, бұған пандемия кезінде мәжбүрлі оқшаулау себеп болды деп жазады. Ойыншылар арасында көп кездесетін, жасөспірімдер түрлі форумдарда, топтық чаттарда хабар алмасады және танымал геймерлердің YouTube арналарында өз пікірлерін қалдырады. Интернетте осы ойынға қатысты мемдер өте көп.
Біз қандай да болмасын мемлекетте Among Us ойыны салдарынан жазатайым оқиғалардың немесе басқа да инциденттердің болғандығы туралы расталған ақпаратты таба алмадық.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости