Жарнамалық роликте қосымшаның арқасында 500 миллион теңге ұтып алған «Нұр-Сұлтандық отбасы» туралы айтылады. Бірақ диктордың сөздері жасанды интеллектінің көмегімен оқылғаны анық естіледі. Ал Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының рөлін санктпетербургттік зейнеткерлер ойнаған. 2019 жылы бұл жұп лотерея билетін сатып алып, жарты миллион рубль ұтып алған. Бұл туралы сюжет «Россия 24» телеарнасында шыққан және оның Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ.
Видео авторлары бай болғысы келетіндердің барлығына өтуге кеңес беретін сілтеме бойынша King Joker мобильді қосымшасы жүктеледі. Ресми ақпаратқа сәйкес, қосымша «басқатырғыштар» бөліміне жатады, шын мәнінде бұл «Vulkan Vegas» ойынханасының құмар ойыны. Қосымшада ақшаға ойнау функциясы бар – төлем жүйелерінің логотиптері ойынның негізгі бетінде орналасқан. Айта кетейік, «құпиялылық саясатына» байланысты ойынның скриншотын жасау мүмкін емес.
Еске салайық, Қазақстан аумағында онлайн-ойынхана қызметіне заңмен тыйым салынған. Құмар ойындарды ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін жауапкершілік қарастырылған.