RSS лента

Үйін суға батырған көршісін сотқа берді

  • 18.04.2024, 22:06,
  • 595
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stroymasterok.com

Пәтерді су басқаны үшін көршісі өтемақы төледі. Бұл туралы Атырау қалалық соты мәлім етті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атырау қалалық сотында талап қоюшы Ч.-ның жауапкер С.-ға жоғарғы қабатта тұратын көршісінің пәтерге су жіберуінің нәтижесінде келтірілген 509 000 теңге көлеміндегі материалдық залалды және 120 000 теңге көлемінде өкілдің көмегіне төленген сот шығыстарын  өндіру туралы азаматтық іс қаралды. Жауапкердің кінәсі ПИК қызметкерлерімен жасақталған актімен расталады.

 

Көршісінің пәтерінен ыстық судың ағуы пәтерді су басуына себеп болған.  Кінәлі пәтердің иесі әлі күнге дейін ақшалай қаражаттың жетіспеушілігін айтып, судың ағып кетуін жою бойынша шаралар қабылдамаған. Пәтерді су басу нәтижесінде талап қоюшыға пәтердің құрылыс материалдары мен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының құны мөлшерінде залал келтірілді. Сарапшының қорытындысы негізінде зерттеу кезінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары мен құрылыс материалдарының құны 229 396 теңгені құрады.

 

Сот шешімімен жауапкерден талап қоюшының пайдасына материалдық залал сомасы, бағалаушының қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстар, мемлекеттік бажды төлеу жөніндегі шығыстар, өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар ішінара өндірілді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости