RSS лента

Алматы облысында 2 мектепті жөндеу барысында 57,5 млн теңге қаражат жымқырылған

  • 23.06.2023, 12:08,
  • 442
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Алматы облысында 2 мектепті жөндеу барысында аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру мән-жайы бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

Агенттіктің хабарлауынша, 2020 жылдың мамыр айында Алматы облысы Кербұлақ ауданының білім бөлімі мен «ПМК-7К» ЖШС арасында жалпы сомасы 855 млн теңгені құраған «Сарыбастау» және «Қарағаш» ауылдарындағы 2 мектептің күрделі жөндеуін өткізуге шарт жасалған.


Құрылыс жұмыстары кезінде құрылыс компаниясының басшысы жобалау-сметалық құжаттамада көзделген жұмыстардың бөлігін орындамау, орындалған жұмыстардың актілерін жалған жасау арқылы аса ірі мөлшерде ақша қаражатын жымқырған.


Оның қылмыстық әрекеттері нәтижесінде ЖШС-тің есеп айырысу шотына 57,5 млн теңге сомасында ақша қаражаты заңсыз аударылды.


Тергеу нәтижесінде оған қатысты қылмыстық іс сотқа жолданып, айыптау үкімі шықты. Сонымен қатар, сотталушымен мемлекетке келтірілген 57,5 млн теңге сомасындағы залал толығымен өтелген.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости