Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Килымжановтың айтуынша, Бас прокуратура айыптау актісін бекітіп, қылмыстық істі қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолдады.
«Алматы қаласы, Қызылорда және Алматы облыстарының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Департаменттерінің экс-басшылары, Алматы облысы Полиция департаменті мен Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімінің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысу рәсімі жүргізілуде. Қазіргі уақытта бұрынғы Қорғаныс министрі Бектановты айыптау туралы қылмыстық іс сотта қаралуда. Алматы және Талдықорған қалаларында тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану фактілерімен 8 полиция органының қызметкерлеріне қатысты екі қылмыстық іс сотқа жолданды» деді спикер.
Барлығы 29 құқық қорғау және арнаулы органдардың қызметкерлері күдікті ретінде танылды. Оның 8-і сотта, 20-ы бойынша іс материалдарымен таныстыру жүргізілуде және біреуі бойынша тергеу жалғасуда.