Ақтау қалалық полиция басқармасы күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.
“Бұл дерек Ақтау қаласы Полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігі “Жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау” бойынша тіркелген. Криминалдық полиция қызметкерлері күдікті адамды анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл іс бойынша толық және объективті тексеру жүргізіліп, содан кейін құқықтық бағалау беріледі. Қылмыстық іс тәжірибелі тергеушіге жүктелген” делінген хабарламада.