Бұл туралы Қарағанды қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығына мәлімет келіп түскен. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдікті қоғамдық көлікте қоқыс шашып, кондуктордың ескертпесіне балағат сөз айтып, соңы дауға ұласқан. Бұл дерек бойынша еліміздің Қылмыстық Кодексінің 293-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.