RSS лента

Такси ішінде пышақпен шабуыл жасады (+видео)

  • 29.10.2021, 18:29,
  • 1 247
  • 0
  • Автор:
Автор фото: скриншот

Қарағандыда жолаушы такси жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


27 қазан күні сағат 22.00 шамасында Қарағанды қаласы ПБ Октябрь полиция бөліміне шағын аудандардың бірінде такси жүргізушісіне шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жәбірленуші 35 жастағы такси жүргізушісі жол ақысы туралы белгілі бір ер адаммен жанжалдасып қалғанын түсіндірді. Жанжал кезінде клиент пышағын алып, жәбірленушіге қарай ұмтылған, бірақ соңғысы салоннан шығып үлгерген.

 

Осы кезде жолдан өтіп бара жатқан бір адам көмектесу үшін такси жүргізушісіне жүгіреді. Екеулеп көліктен шығарып алмақ болған кезде, күдікті пышақ сілтеп, қарсылық көрсеткен. Жауап ретінде көмекке келген адам белгісіз травматикалық қарудан оған бірнеше рет оқ атқан. Полицейлер күдіктіні – 55 жастағы ер адамды мас күйінде ұстады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости