RSS лента

Шымкентте қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды

  • 19.10.2021, 02:53,
  • 1 792
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

18 қазанда Шымкент полициясына Рысқұлов көшесіндегі Қоқыс Бактарын тазалау барысында «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС қызметкері кіндігі кесілмеген жаңа туған баланың мәйіті тұрған пакетті тапқаны туралы хабарлама келіп түскен болатын, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Шымкент қаласындағы Т. Рысқұлов көшесінде, қоқыс салатын жәшіктен сәбидің денесі табылды. Куәгерлердің айтуынша бала жаңа туылған.

 

Мәйітті алғаш болып, сағат таңғы 7:00 шамасында қоқыс тасушылар көрген.

 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 100-бабы (Жаңа туған баланы анасының өлтіруі) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында полиция қызметкерлері 1996 жылы туған күдікті азаматшаны анықтап, бөлімге жеткізді. Нәрестенің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

 

ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу құпиясын сақтау және қамтамасыз ету мақсатында жария етуге жатпайды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости