Тараз қаласының полициясына жергілікті тұрғын келіп, 21 қараша күні сағат 12:00 шамасында белгісіз ер адам үйіне заңсыз кіріп, күш қолданып, 900 мың теңгесін және 140 долларын ұрлап кеткендігін айтып шағымданған. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Тараз қаласының Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Тұрар Рысқұлов ауданының 39 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындады.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған қылмысты жасағаны үшін ҚР ҚК-де мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.