RSS лента

Атыраулық спортшылар саудагерлерді қарумен қорқытып келген...

  • 26.03.2021, 16:34,
  • 2 193
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Атыс қаруымен қаруланған қылмыстық топтың іс-әрекеті жұрттың жағасын ұстатты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Жергілікті azh.kz сайты хабарлағандай, Атырауда облыс орталығының базарларында рэкетпен айналысқан жергілікті спортшылардың соты аяқталуда. Оларды былтыр маусымда Атырау облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері қолға түсірді.

 

Тергеу барысында анықталғандай, бес адамнан құрылған топ атыс қаруын пайдаланып, Оңтүстік Қазақстаннан келген «Дина» және «Көктем» базарларындағы сатушылардан өлтіремін немесе тауарды өртеп жіберемін деп қорқытып, ақша бопсалаған.

 

Бұған дейін ҚР ҰҚК хабарлағандай, ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары «ұрылардың» идеологиясын ұстанып, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтардың сыбайластарымен байланыста болды.

 

Ұстағаннан кейін олардан үш атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді. ҰҚТ-ның үш қатысушысы тергеу изоляторларына қамалды, ал екеуі қорғану құқығы бар куәгер ретінде жауапталды.

 

Қазір қылмыстық іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда. Сотталушылар орындығында ҚР ҚК-нің 194-бабы («Қорқытып алу») және 262-бабы («Ұйымдасқан қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету») бойынша айыпталып отырған 33 жастағы «жекпе-жек» чемпионы У.А. және 31 жастағы Б.А., сондай-ақ олардың 31 жастағы «сыбайласы» (сол баптарға қоса 287-бап («Қаруды заңсыз сақтау немесе алып жүру»).

 

Сотта 5 жәбірленуші мен 15 куәгер жауап берді – олардың көбі сатушы. «АЖ»-ға облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, сот талқылауы аяқталуға жақын.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости