Бақытгүл Хаменова айыптау актісінің көшірмесін алмаған болып шықты. Сондықтан сот отырысы 11 тамызға ауыстырылды.
Облыстық соттың баспасөз қызметінен білгеніміздей, биыл 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, ҚР Қылмыстық кодесінің 367-бабының 2-бөлігімен «Б» ЖШС-нің директорына қатысты қылмыстық іс түскен.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзінің Telegram парақшасында мәлім еткендей, жоғарыда аталған лауазымды тұлғалар Атырау қаласында Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша 145 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы серіктестік басшысынан 4,5 млн теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді.
Еске сала кетейік, Бақытгүл Хаменова былтырғы желтоқсанда қамауға алынған болатын.