Сот залына кіре салысымен ол сүрініп құлай жаздады. Абай Құнанбайұлының ескерткішін орнатқан кәсіпкерден 4 млн 500 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталған шенеуніктің ісі бұл жолы да аяғына жетпей, тағы да кейінге, яғни, 11 тамызға қалдырылды.
Сот отырысына қатысқан шенеуніктің жақындары мен жанашырлары оның сегіз ай тектен-тек қамауда отырғанын айтып ашынды. Бірақ, Бақытгүл Хаменованың өзі әділдік болатынын айтып жиналғандарды жігерлендіріп қойды.