«Хаменованың орнын ешкім алған жоқ. Оның қызметі әкімнің орынбасарлары арасында бөлінген. Тергеу жүріп жатыр, тергеуден кейін бәрі белгілі болады. Мен түсініктеме бере алмаймын (Хаменоваға тағылған айыптар бойынша — ескерт.), қазір тергеу жүріп жатыр. Хаменова ұсталғанын естігенде «әрине, ренжідім. Қамауға алынғаннан кейін Хаменовамен байланыспадым және құқық қорғау органдары мені жауап алуға шақырмады.
Бұл мәселені реттейтін заң бар. Егер орынбасарларымның сыбайлас жемқорлық жасағаны анықталса, онда заңға сәйкес мен отставкаға кетуім керек. Ал оны Мемлекет басшысы қабылдайды.
Ал, ескерткіш туралы шешім, қателеспесем, 2016 жылы қабылданған. Пандемия кезінде жұмысты жүргізе алмадық, ескерткішті биыл орнату жоспарда бар еді. Иә, уақыты созылуы мүмкін немесе созылмайды. Тергеу әсер ете ме, айта алмаймын» деді аймақ басшысы.