“Қайрат Нұрлыбаев пен Нұрлан Таубаевқа қатысты сот ісі қаралып жатыр. Бәрі соттың қандай шешім шығарғанына байланысты болады. Егер олардың жемқорлық фактісіне қатысты кінәлары дәлелденетін болса, мен заңға сәйкес отставкаға кетуге дайынмын. Мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес, кез келген саяси қызметшіге тікелей бағынышты қызметкер сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін ұсталып, сотта оның кінәсі дәлелденсе, оның басшысы отставкаға кетуі керек” деп жауап берді өндірісті өңір басшысы.