RSS лента

Ұстаздарға сыйлық жасауға бола ма?

  • 01.10.2021, 14:43,
  • 697
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Мұғалімдерге сыйлық жасау қаншалықты заңды? Бұл сауалға еліміздің Білім және ғылыми министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Министрліктің баспасөз қызметі заң тұрғысында ұстаздарға сыйлық жасауға тыйым салынбағанын мәлімдеді. Себебі, ұстаздар мемлекеттік қызметкер емес. Оның үстіне, педагог қауымға құрмет көрсетіп, гүл шоғын сыйлау сыбайлас жемқорлық қаупіне жатпайтынын министрдің өзі айтқан еді.

 

«Қоғамда ұстаздарға гүл сыйлау жемқорлықтың белгісі деген пікір бар. Біз онымен келіспейміз. Осы орайда алдымен қандай жағдайда жемқорлық болып саналатынын анықтап алған жөн. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршін ұстазына құрмет көрсетіп, гүл сыйласа, ол – жемқорлық емес» деді ол.

 

Сондай-ақ, министр білім ошақтарында педагогикалық әдеп сақталуы керектігін еске салып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қажеттігін қаперге берді. Қысқасы, мектеп қабырғасында түрлі сылтаумен ұстаздардан ақша жинамау керек немесе басшылыққа қымбат сыйлық жасау деген секілді дүниелерден аулақ болу керек.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости