RSS лента

Оралдағы бекетте өзіне оқ атқан сарбаз көз жұмды

  • 16.06.2021, 18:15,
  • 781
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Оралда түзеу мекемелерінің бірінде қызмет атқарып жүрген әскери қызметші оққа ұшты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Жігіт алған оқ жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

 

«Қатардағы жауынгер қарауылда қарумен жүріп, өзін-өзі жарақаттады. Жедел-жәрдем бригадасымен ауруханаға жіберілді. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, әскери қызметшіні құтқару мүмкін болмады. Қазіргі уақытта гарнизонның тергеу органдары тергеуге дейінгі іс-шараларды жүргізуде. Тергеу аясында басқа ақпарат жоқ» деді 5517 әскери бөлімі командирінің орынбасары Жәнібек Сәрсенов.

 

Оқиға таңертең болғаны белгілі. Солдат облыстық ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости