«Отандық өнім көлемін арттыру тұрғысында бұл жобалардың маңызы зор. Күнделікті «ҚазМұнайГазбен» бірлескен жұмыс барысында бұл кен орындарының әлеуеті өте жоғары екеніне көзіміз жетіп отыр. Жыл соңына дейін кен орнын игерудің тұжырымдамасын таңдау бойынша шешім қабылданады. 2028 жылға қарай кен игеруді бастау үшін биыл жыл соңына дейін тұжырымдама таңдалып, шешім қабылданады деп күтіп отырмыз» деді Мағзұм Мырзағалиев.
Айта кетейік, қыркүйекте Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қаламқас» және «Хазар» ірі кен орындарын игеру жұмысын бастау жөніндегі шешімін еске салған еді.