Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті тіркеді.
Агенттіктің хабарлауынша, «Балқаш Жылу» ЖШС-нің бұрынғы басшылығы 2020 жылдың маусымынан 2023 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта Балқаш ЖЭО және Балқаш қаласының жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге және ұстауға арналған 677 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жеке шоттары мен жалған кәсіпорындардың шоттарына жіберу арқылы жымқырған.
Аталған тұлғалар ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.
Тергеу соты 2 ай мерзімге «қамау» шарасын санкциялады.
Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды.