RSS лента

Талдықорған қаласында «Q-net» қаржы пирамидасын құрғандар тергелуде

  • 26.05.2023, 10:27,
  • 536
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Талдықорған қаласында «Q-net» қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті жүргуде, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

2018-2020 жылдар аралығында қаржы пирамидасының қызметіне 231 салымшы тартылып, жалпы сомасы 220 млн теңгеден астам жеке қаражатын салғаны анықталды.


Сот күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.


Агенттіктің хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР КПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.


ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости