Әлеуметтік мекеменің басшысы мен қызметкерлерінен құралған бір топ тұлғалардың заңсыз әрекеттерін ҚМА аумақтық департаменті әшкереледі.
Қазіргі уақытта жалпы сомасы 12 миллион теңгеден астам аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Әлеуметтік мекеме, сондай-ақ сотталушылардың тұрғылықты мекен-жайларын тінту кезінде қариялардың 799 000 теңге көлеміндегі зейнетақы төлемдері, оларға тиесілі банк карталары, сондай-ақ аталған тұлғалардың қылмыстық әрекеттерін дәлелдейтін басқа да заттар мен құжаттар тәркіленді.
Толық және жан-жақты тергеуге кедергі келтіру, сондай-ақ қылмыстың ізін жасыру және жою әрекеттеріне байланысты аталған мекеменің басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Агенттіктің хабарлауынша, сот 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етуге жатпайды.