RSS лента

Қазақстан-Қытай шекарасында 8 қылмыс анықталды

  • 15.02.2022, 00:44,
  • 575
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Кездесуде Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Президент тапсырмаларының орындалуына қатысты атқарып жатқан жұмыстары туралы есеп берді. Ведомство капиталды заңсыз шығаруға жол бермеу мақсатында қаржы реттеушілерімен бірлесіп, күмәнді трансшекаралық аударымдарға күшейтілген мониторинг жасау ісін жолға қойған.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл тоқтатылған күдікті операциялардың саны 3 еседен асқаны және олардың жалпы құны 150 миллиард теңгеге жуық екені баяндалды. Осы деректер бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Агенттіктің мәліметі бойынша шетелге ақша қаражатын шығарудың күрт көбейгені байқалмайды. Керісінше биыл шетелге аударылған қаржы 30 пайызға азайған.


Жанат Элимановтың айтуынша, мүдделі органдармен бірлесіп, қолма-қол валютаны заңсыз шығаруға бақылау күшейтілген. Жалпы сомасы 5 миллион АҚШ долларына жуық заңбұзушылық анықталған.


Сонымен қатар, Қазақстан-қытай шекарасында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үш аптаның ішінде тауарды заңсыз әкелу фактілері бойынша 8 қылмыстық және 24 әкімшілік іс қозғалды.


Нәтижесінде, тауар импорты көлемінің азаюына қарамастан, биылғы қаңтар айында бюджетке түскен кедендік төлемдер мен салықтардың мөлшері 20 пайызға (26,6-дан 31,7 млрд теңгеге дейін) өсті.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости