RSS лента

Президент Атырау облысының әкіміне шұғыл тапсырма берді

  • 26.10.2021, 21:10,
  • 1 775
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы 9 айдағы қорытындысы баяндалды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, облыстағы өңдеу өнеркәсібінде, құрылыс, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес пен өзге де салаларда өсім байқалады. Аймақ жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім, инвестиция және құрылыс жұмыстарының көлемі жағынан республика бойынша бірінші орынға шыққан.


Биыл 19 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылған, жұмыспен қамту орталығы арқылы 20 864 адам жұмысқа орналастырылған. Ал бүгінге дейін «Еңбек» бағдарламасы аясында  24 348 адам жұмыспен қамтылған. Биылғы 9 айда 4882 пәтерлі 646,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 41,6 пайызға көп.


Мемлекет басшысына «жасыл» аймақтағы облыстың эпидемиологиялық ахуалы және вакциналау жұмыстары туралы ақпарат берілді.

Бұдан бөлек, облыс әкімі экология саласы мен көгалдандыруға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. 2025 жылға дейін елді мекендерде 540 мың көшет отырғызу жұмыстары басталған.


Сонымен қатар облыс әкімі Президенттің тапсырмасы бойынша Атырау облысын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың жүзеге асырылу барысы туралы есеп берді. Жоспар жуырда бекітілген. Бұл маңызды құжат қордаланған проблемаларды шеше отырып, өңірдің дамуына тың серпін береді.


Қасым-Жомарт Тоқаев Махамбет Досмұхамбетовке аймақта атқарылып жатқан жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости