RSS лента

30 адамды 30 млн теңгеге алдап кетті

  • 15.07.2023, 00:49,
  • 647
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Атырау қаласының №2 соты мәлім етті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Атырау қаласының №2 сотында 31 эпизод бойынша бірнеше рет жасалған алаяқтық фактісі (ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағы) бойынша Н.М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

 

Сотталушы Н.М. «I» ЖШС-нің жалғыз құрылтайшысы және директоры бола отырып, туристік қызметтер кешенін көрсеткені үшін жәбірленушілермен шарттар жасасып, бұл ретте клиенттерден бастапқы 30% және түпкілікті 100% төлем қабылдап, жәбірленушілерді алдау және сенімдерін теріс пайдалану жолымен, туристік жолдамаларды сатып алу үшін туристік операторларға жәбірленушілердің ақшасын аудармай, олардың қаражаттарын  жеке қажеттілігіне жұмсаған, нәтижесінде жәбірленушілер өздерінің туристік жолдамаларын ала алмау себебінен  демалысқа шыға алмаған. Барлық эпизодтар бойынша 31 жәбірленушіге жалпы 30 731 800 теңге көлемінде мүліктік залал келтірілген.

 

Сот отырысында сотталушы Н.М. айыппен келіспей, жәбірленушілердің туристік жолдама алу үшін төлеген ақша қаражаттарын алаяқтық жолмен жымқырмағанын, оларды жұмысшыларға жалақы, бонустар төлеуге, компанияның шығындарын жабуға, офисті жалға алуға, коммуналдық төлемдер төлеуге және бизнесті жандандыру үшін алынған несиелерді төлеуге жұмсағанын көрсеткен. 

 

Алайда, сот отырысында сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, екінші деңгейдегі банктердің үзінділерімен расталып, жәбірленушілер мен «I» ЖШС арасында туристік қызметтер көрсетуге шарттар жасалғаны, жәбірленушілердің туристік жолдама алуға төлеген ақша қаражаты менеджерлермен қабылданып, толықтай серіктестіктің есеп-шотына аударылғаны, ал бұл қаражаттарды одан әрі пайдалануға тек Н.М. құқылы болғандығы және бұл қаражаттарды жәбірленушілердің жолдамалары үшін туристік операторларға Н.М. аудармағаны өз дәлелін тапқан.

 

Прокурор Н.М.-ға 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

 

Жәбірленушілер Н.М.-дан мүліктік залалды өндіріп, оны заң бойынша  қатаң жазалауды сұрады.

 

Қорғау тарабы сотталушы Н.М.-ның әрекетін ҚК-тің 190 бабынан ҚК-тің 195 бабына (жымқыру белгілері болмаған кезде алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру) дәрежелеуді сұрады.

 

ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағының санкциясында мүлкi тәркiленіп, 3  жылдан 7 жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

 

Сот Н.М.-ны ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағымен кінәлі деп танып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жаза өтеу орны ретінде қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесі белгіленді.

 

Жәбірленушілердің азаматтық талабы толықтай қанағаттандырылды.

 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости