RSS лента

Қажылыққа қатысты мәлімдеме жасады

  • 02.02.2023, 18:20,
  • 372
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Туризм комитеті қажылыққа барушыларға ресми туроператорлардың қызметін пайдалануға кеңес берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті қажылыққа барушыларға ресми туроператорлардың қызметтерін пайдалануға кеңес берді. Бұл қызметі ресми тіркелмеген туркомпанияларға қатысты өз міндеттемелерін орындамауы туралы туристерден келіп түскен шағымдарға байланысты.

 

Кейбір туристер Мекке мен Медина қалаларында қиын жағдайға тап болды.

 

«Мысалы, туризм индустриясы комитетіне «Kausar travel» туристік компаниясына қатысты шағымдар түсті. Бұл ретте компанияның туроператорлық қызметіне лицензиясы жоқ. Компания туристік агенттік ретінде тіркелген, сәйкесінше туроператорлық қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Сондықтан біз туристердің мүдделерін қорғау және қажетті шараларды қабылдау үшін Ішкі істер министрлігіне және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне хат жібердік. Сондай-ақ, біз туристерді туроператорлардан лицензияның бар екендігін растайтын құжаттарды сұрауға шақырамыз», - деді Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

 

Бекітілген ереже бойынша, жыл сайын діни бірлестік пен қабылдаушы ел арасында туроператорлық қызметті жүзеге асыру үшін келісім жасалады. Сондай-ақ, діни туризм саласындағы туроператорлардың екінші деңгейлі банкпен ҚР азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің пайдасына жасалған шарты болуы қажет.

 

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» бірлестігінде қажылыққа қатысты сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік беретін Call-орталық жұмыс істейді: +7 7172 33-30-30.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости