RSS лента

Бокс құрамасына жаңа жаттықтырушылар тағайындалды

  • 06.09.2021, 18:16,
  • 454
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Аталған федерацияның баспасөз қызметінен білгеніміздей, бокстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіндегі Ғалымбек Кенжебаевты Қайрат Сатжанов ауыстырады, ал Шамиль Сафиуллин Ерік Алғабектің орнына бокстан әйелдер ұлттық командасының бас бапкері қызметін атқарады.

 

Кадрлық өзгерістер команданың Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ойындарындағы сәтсіздігімен байланысты және спортшыларды даярлауда жаңа әдістер мен тәсілдерді іздеуге бағытталған.

 

Қайрат Сатжановтың бапкерлік еңбек өтілі 31 жыл, ал, Шәміл Сафиуллиннің еңбек өтілі 25 жыл.

 

«Қазақстанның бокстан ұлттық құрамаларында жаңа ресми тағайындаулар күтілуде. Қазақстан бокс федерациясының ұсынысы бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт комитетіне ерлер және әйелдер ҰҚК-нің жаңа бас жаттықтырушыларының есімдері ұсынылды» делінген хабарламада.

 

1998 жылдан 2005 жылға дейін Ғалымбек Кенжебаев Геннадий Головкиннің жеке жаттықтырушысы болды. Содан кейін 2006 жылдан 2009 жылға дейін және 2013 жылдан 2018 жылға дейін Қазақстанның жастар құрамасын басқарды. Бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Кенжебаев Мырзағали Айтжановтың орнына 2018 жылдың желтоқсан айында келді. Спортшылардың өткен айда Токио Олимпиадасында сәтсіз өнер көрсеткенінен кейін құраманың тәлімгері отставкаға кетуі мүмкін екені хабарланған да болатын.

 

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости