Биыл 6,4 мың шақырым автожол құрылыс жұмыстарымен қамтылды, соның 3,6 мың шақырымы – қайта жаңарту болса,2,8 мың шақырымы – жөндеу жұмыстары. Аталған жобаларда 8 мыңнан астам жол-құрылыс техникасы мен 12 мың маман жұмылдырылған.
Жыл қорытындысы бойынша 1 мың шақырымнан астам жаңа жабыны бар қайта жаңарту учаскелері бойынша қозғалыс ашу және жыл соңына дейін 856 шақырымын пайдалануға беру көзделген. Бұдан бөлек, тозу қабатын қалпына келтіру бойынша орта мерзімді жөндеу жұмыстарын жүргізу қорытындысы бойынша 826 шақырым пайдалануға берілмек.
Бұл ретте жобаларды іске асыру барысында жол-құрылыс жұмыстарының қымбаттауына және жобаны түзетуге байланысты қиындықтар туындады, оған жұмыстарды аяқтаудың жалпы мерзімдеріне әсер еткен қосымша уақыт жұмсалды.
Батыс өңірлердегі жобаларға 1 мың шақырымнан астам тасымалдау қашықтығына байланысты темір жол көлігімен инертті материалдарды жеткізудегі тапшылық пен күрделілік айтарлықтай әсер етті. Жолшылар айналма жолдарды қысқарту және жаңа асфальт арқылы қозғалысты ашу бойынша барынша күш салды.