RSS лента

«Ақтөбе – Атырау – Астрахан»: жол екі есе қысқармақ

  • 22.10.2021, 06:11,
  • 822
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Автожолдың жалпы ұзындығы 897 шақырымды құрайды. Оның ішінде Ақтөбе облысы бойынша – 311 км, Атырау облысы бойынша – 586 км. 2015 жылы «Атырау – Мақат» учаскесінің 164 шақырымы қайта салынды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРМИНИСТРІ АСҚАР МАМИН АҚТӨБЕ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ АЯСЫНДА «АҚТӨБЕ – АТЫРАУ – АСТРАХАН» АВТОЖОЛЫН РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ.

 

Қазіргі таңда «Ақтөбе – Қандыағаш», «Қандыағаш – Мақат», «Атырау – РФ шекарасы» учаскелеріндегі автожолдың 733 шақырымында реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Ақтөбе – Қандыағаш» учаскесі (96 км) 4 жолақты қозғалысы бар I санатты 78 км жолды және 2 жолақты қозғалысы бар II санатты Қандыағаш қаласын айналып өтетін 18 шақырым жолды қамтиды.

 

Жыл соңына дейін мұнда 18 шақырымды жаңа жол төсемімен қамтамасыз ету жоспарланған. «Қандыағаш – Мақат» учаскесінде (360 к м ) асфальт бетон төсеу және жолды абатт андыру бойынша соңғы жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2021 жылы жаңа жабынмен учаскенің барлық ұзындығы бойынша қозғалысты толық қамтамасыз ету көзделген. Бұл ретте Ақтөбе қаласынан Атырау қаласына дейінгі жол екі есе қысқарады. Бұрын Ақтөбе – Атырау учаскесінің қанағаттандырарлықсыз жай-күйіне байланысты жүргізушілерге көршіле с өңірге Орал арқылы барып, қосымша 500 шақырымға жуық жол жүруге тура келетін.

 

Жалпы ұзындығы 277 шақырымға созылатын «Атырау – РФ шекарасы» учаске сі (Астрахан қаласы бағытында) 1970 жылдары осіне 8 тонна жүктемемен салынған III санаттағы ре спубликалық маңызы бар жол болып табылады. Ауыр жүк тасымалдайтын транзиттік көлік құралдарының қозғалыс қарқындылығының артуына байланысты жолдың жағдайы нашарлап кеткен. Қайта жөндеу нәтижесінде жыл соңына дейін 92 шақырым жолда қозғалыс қамтамасыз етіледі, қалған 185 шақырым жолда жер төсемі төселіп, жол төсемінің, көпірлер мен құбырлардың құрылымдық қабаттары салынып жатыр. Жұмыстарды 2022 жылы аяқтау жоспарлануда.

 

2021 жылы Қазақстанда 8,4 мың шақырым автожол, оның ішінде республикалық маңызы бар 5 мың шақырым, жергілікті желі 3,4 мың шақырым жол құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылды. Жол-құрылыс жұмыстарына 2 0 0 м ы ң ғ а ж у ы қ а д а м тартылған. Биыл елімізде 5,1 мың шақырым жолда жұмыстар аяқталатын болады. Қалған жұмыс көлемі ауыспалы және 2022 жылы орындалады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости