RSS лента

Жол сапасына кім жауапты?

  • 29.03.2023, 17:42,
  • 591
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков автожолдар құрылысының аса маңызды жобалары туралы айтып берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Спикердің айтуынша, биыл бірқатар ірі жоба жүзеге асырылуда. «Орталық-Оңтүстік» жобасы бойынша жалпы ұзындығы 946 шақырым болатын «Астана-Қарағанды-Балқаш-Алматы» дәлізінің құрылысы жүргізілуде. «Қарағанды-Балқаш-Бурылбайтал-Құрты-Қапшағай» учаскелерін қайта жаңарту жалғасуда. Жұмыстарды аяқтау 2023 жылға жоспарланып отыр.

 

«Талдықорған-Өскемен» жобасы бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 768 шақырымды құрайды. Бұл жоба үш облысты қамтиды: Алматы, Абай және ШҚО. Қазіргі уақытта 649 шақырымында қозғалыс ашылған. Тағы 119 шақырымында жұмыстар жалғасуда. Нысанды 2024 жылы тапсыру жоспарланған.

 

«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автожолы - батыс өңірлерді өзара байланыстыратын көлік дәлізі. Биыл ұзындығы 440 шақырым болатын «Қандыағаш-Мақат-Атырау» учаскесін аяқтау жоспарлануда, «Ақтөбе-Қандағаш», «Атырау-Астрахань» автожолдарын қайта жаңарту жалғасуда. Жыл соңына дейін қозғалыс ашылып, нысан 2024 жылы тапсырылады», - деді А. Беков.

 

Сондай-ақ спикер «Қызылорда-Жезқазған» автожолы құрылысының барысы туралы баяндады. Қызылорда облысының аумағында жұмыстар 2022 жылы басталды. Ұлытау облысы бойынша жол-құрылыс жұмыстары ІІ жартыжылдықта басталмақ.

 

ҚР ИИДМ автожолдар комитеті төрағасының орынбасары үш жаңа жоба туралы да айтты.

 

«Жобалау сатысында үш жаңа жоба тұр. Бұл «Атырау-Орал» (521 км), «Жезқазған-Қарағанды» (513 км) және «Ақтөбе-Ұлғайсын» (252 км) автожолдары», - деді спикер.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости