RSS лента

12 жыл салынып жатқан тасжол қашан аяқталады?

  • 15.07.2022, 01:50,
  • 437
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» тас жолының қалған  87 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. 

Бұл туралы жол құрылысының сапасын тексеріп отырған «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының директоры Бекбол Мұқашов мәлімдеді.


«Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» тас жолының қайта салынып жатқанына 12 жылға жуықтады. Кезінде «тас жол төселеді» деп бөркін аспанға атқан жергілікті тұрғындардың ұзаққа созылған құрылыс жұмыстарынан көңілі қалған еді. Жол құрылысының тұралауына басты себеп — жыл сайын мардымсыз қаражат бөлініп келді.

 

Ал, соңғы жылдары бұл мәселе үкіметке жетіп, сең қозғалды.Бұған дейін жоба бойынша жалпы ұзындығы 317 шақырым жолдың 237 шақырымы пайдалануға берілген. Қазір тас жолдың 31,74 – 62,2 шақырымы аралығы — «Индер-Қарабау» жол телімі салынуда. Биыл 87 шақырым жолдың жартысына асфальт-бетон төселеді. Ал, қалған бөлігі келер жылы аяқталады деп күтілуде.

 

«Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК Атырау облыстық филиалы инженерлері жыл басынан бері бұл нысанға 4 рет тексеріске шығып, құрылыс материалдарыан 29 сынама алды. 3 сынаманың ҚР стандарттарына сәйкес келмейтіні анықталып, хаттама толтырылды. Қазір кемшілікті қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Филиал директоры Б.Мұқашовтың айтуынша, жалпы бұл жолдың құрылыс жұмыстарының сапасы сын көтереді.

 

Айта кетейік, облыстық маңызы бар жолды техникалық қадағалаушы — «ИПЦ Альянс» ЖШС мен мердігер «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости