RSS лента

1000 шақырымнан аса республикалық автожол жөнделеді

  • 04.08.2023, 19:23,
  • 553
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Биыл жыл соңына дейін елімізде мың шақырымнан астам республикалық маңызы бар автокөлік жолдарын нормативтік жағдайға келтіру көзделген, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

2023 жылы жол-құрылыс жұмыстарымен 3 мың шақырымға жуық автожол қамтылды. Келер жылға дейін оның 1,1 мың шақырымын аяқтау жоспарланып, 620 шақырымдай жол учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды.

 

Басым бағыттағы және айтарлықтай қаражатты қажет ететін жобалардың бірі – Батыс Қазақстан облысындаңы «Қазталов –Жәнібек – РФ шекарасы» және «Өнеге – Бисен – Сайқын» жол учаскелерінің құрылысы саналады. Жалпы ұзындығы 245 шақырымға жететін бұл жолдар Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарын облыс орталығымен байланыстырады.

 

Аталған жол құрылысы Мемлекет басшысының жіті бақылауында. Қазір бұл нысандарда барлық құрылымдық қабат бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ осы учаскелерде инертті материалдарды дайындау жұмыстары қарқын алған. Жыл соңына дейін күрделі жөндеудің барлық ұзындығы бойынша жол жабынының төменгі қабатымен көлік қозғалысын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

 

Бұдан бөлек, Маңғыстау облысында ұзындығы 64 шақырым болатын «Құрық – Жетібай» жол учаскесінде де құрылыс жұмыстары жалғасуда. Жөндеу жұмыстары екі учаскеде жүзеге асырылып жатыр. Ұзындығы 24 шақырымға жететін (40-64 шқ) бірінші учаскені жылдың соңына дейін аяқтау көзделген. Екінші учаске бойынша (0-40 шқ) тиісті жұмыстар 2024 жылы аяқталады.

 

Қазақстанда орташа жөндеу жұмыстары да жоспарға сәйкес орындалып жатыр. Жол жұмыстарының бұл түрімен 2 мыңнан астам күре жол қамтылып отыр. Соның 938 шақырымын жылдың соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.

 

Биылғы құрылыс маусымына 7 мыңға жуық жолшы мен 2,5 мың арнайы техника тартылған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости