RSS лента

Халық күткен жолдар қашан ашылады?

  • 12.10.2022, 20:55,
  • 565
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Ашық сағат алаңында» 2023 жылы еліміздегі автомобиль жолдары саласында жоспарланған жұмыстар мен іс-шаралар талқыланды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бейнебайланыс режимінде ұйымдастырылған жиынға ведомство өкілдері мен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ және Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының басшылары қатысты.


Басқосуда ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр сапалы жолдар ел дамуының негізгі факторы екенін атап өтіп, бұл тарапта алда атқарылатын жұмыстарға назар аударды.


«Республикалық автожолдарды жөндеу мен күтіп ұстау сапасы  әрдайым жіті назарымызда. Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырмасын орындау шеңберінде министрлік тарапынан нақты іс-шараларды жүзеге асыру жалғасуда», – деді Жамбыл Бақтияр.


Мәселен, 2023 жылы республикалық бюджет қаржысы есебінен жолдарды орташа жөндеу жобаларына 64 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл қаражат 1 жарым мың шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын нормативтік қалпына келтіруге бағытталмақ.


Атап айтқанда, орташа жөндеу жұмыстары барысында жолдарды жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, бағдаршамдар мен арнайы жол белгілер қойылмақ. Сонымен қатар жануарлардың жол бойына шығып кетуіне кедергі жасайтын қоршаулар орнатылатын болады. Аталған іс-шаралар жол-көлік апаттарының алдын алуға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізбек.


Жиында Жол активтері ұлттық сапа орталығы бас директорының орынбасары Арман Қайырбеков автомобиль жолдарын күтіп-ұстау бағытында атқарылған жұмыстар турасында баяндады.


«2022 жылы 17 мың шақырым автомобиль жолдарының сапасына сараптама жасалып, сынамалар алынды. Талдау жұмыстары барысында жол учаскелерінде анықталған олқылықтарды жою бойынша Автомобиль жолдары комитеті мен «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясына ұсыныстар берілді. Жүргізілген сараптама нәтижесінің негізінде автожолдарды жөндеу жұмыстары бойынша арнайы жоспар түзілетін болады», – деп атап өтті А. Қайырбеков.


Жиынды Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр қорытындылап, автожол инфрақұрылымын дамыту мәселесінде сапаға ерекше назар аудару қажеттігін алға тартты.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости