RSS лента

Қостанайда су тасқыны тоқтады ма?

  • 10.04.2024, 09:09,
  • 225
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Өңірдің негізгі су қоймаларында су жіберу баяулады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мәселен, Қаратомар су қоймасында су жіберу секундына 1 600 текше метрді құрады. Сондай-ақ Жоғары Тобыл және Желқуар су қоймалары бойынша су ағызудың төмендеуі байқалады. Қарасу ауданындағы Тімтуір, Құндызды және Қарасу өзендеріндегі су деңгейі тәулігіне 81 см-ден 7 см-ге дейін  төмендеді. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

 

«Облыстың оңтүстік бөлігіндегі Торғай, Дәмді және Қабырға өзендерінде судың әлі де жоғары деңгейі сақталуда. 161 жеке тұрғын үй су астында қалып отыр. Су басуына байланысты 27 елді мекен әлі күнге дейін электрмен жабдықтаусыз қалып отыр. Бүгінгі күнде электр бағандары суда қалған, бұл оларды қалпына келтіру жұмыстарын қиындатуда, су кеткеннен кейін жұмыс жалғастырылатын болады. Республикалық маңызы бар 4 және облыстық маңызы бар 3 автожолы жабылды. Көлік қатынасы жоқ 10 елді мекен бар», – деді спикер.

 

Жергілікті халық азық-түлік және дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген. Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсету жұмыстары жалғасып жатыр. Біржолғы әлеуметтік төлемдер беру басталды, сондай-ақ демеушілік және гуманитарлық көмек көрсетілуде. Бүгінгі таңда 620 отбасына 114,4 млн. теңге сомасында әлеуметтік көмек төленді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости