Су тасқыны кезеңінің басынан бастап 630 мыңнан астам текше метр еріген су сорылды, 24 мыңнан астам қап төселді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК әуе кемелерін қоса алғанда, ТЖМ, ІІМ, ЖАО 4 мыңға жуық адам және 1 300 техника жұмылдырылды. Осы жұмыстар қауіп сейілгенге дейін жалғасатын болады.
Бүгінгі таңда елімізде ауа температурасының күрт көтерілуі, жауын-шашынға байланысты Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан және Абай облыстарында су басу қаупі сақталады.
Қазіргі уақытта 297 жеке тұрғын үй су астында қалып отыр. 100-ден астам жол төсемі арқылы су жүріп, 18 жол төсемін су шаю фактілері тіркелді, оның ішінде 2 көпір қирады.
Төтенше жағдайға тап болған халыққа Үкімет заңнамаға сәйкес тиісті көмек көрсететін болады.
Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда.