RSS лента

Қазақстанда 17 мыңнан астам адам қызылша жұқтырды

  • 28.11.2023, 10:46,
  • 230
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Олардың 82%-ы 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қызылшамен сырқаттанушылықтың күрт өсуі күн тәртібінен тыс қаралды.


Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлағандай:

- Қызылша бойынша жағдайдың асқынуы әлемнің 167 елінде 415 мыңнан астам жағдай тіркелген.
- Қазақстанда қызылшаның 17 687 жағдайы тіркелді.
- Олардың 82%-дан астамы балалар. Бұл ретте, балалардың 60%-ы ата-аналарының бас тартуына байланысты егілмеген, қалған балалар егу жасына жетпегендер не медициналық қарсы көрсетілімдері бар. 
- Жоғары деңгей Шымкент пен Алматы, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Атырау облыстарында байқалады.


Ол елімізде жоспарлы иммундаумен 600 мыңнан астам бала қамтылғанын, бұл ДДҰ ұсынымына сәйкес келетін 1 және 6 жастағы балалардың 84,0%-ын құрайтынын атап өтті. Жыл соңына дейін осы жас топтарының 100 мыңнан астам баласы вакцинациялауға жатады. Ағымдағы жылы қосымша иммундау туралы қабылданған шешімдерді ескере отырып, барлығы 770 мыңнан астам бала егілді.


Вакциналармен қамтамасыз ету мәселесі бойынша министр қызылшаға қарсы вакцинаның қосымша 1,5 млн. дозасы сатып алынғанын, оның 500 мың дозасы түскенін, желтоқсан айында 1 млн. доза жеткізілетінін хабарлады. 


«Қызылша асқынып кетсе, балалардың денсаулықтарына аса қауіп төндіреді. Сондықтан, онымен тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, бүкіл қоғам болып, күресуіміз қажет. Бала денсаулығы басты назарда болуы тиіс», – деді Әлихан Смайылов.


Үкімет басшысы вакцина алудан басқа, мұндай қауіпті вируспен басқаша күресу мүмкін емес екенін атап өтті және тиісті жұмысты күшейтуді тапсырды.


«Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер вакцина алудың қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Барлық әкімдер вакциналау мәселесін жеке бақылауда ұстап, Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмысты үйлестіруі қажет», — деді Премьер-Министр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости