RSS лента

Қазақстанда қызылшамен 13 мыңнан астам адам ауырып жатыр

  • 09.11.2023, 09:48,
  • 270
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com/tumisu

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният барлық қазақстандық ата-аналарға балаларын қызылшаға қарсы вакцинациялауға шақырды, деп хабарлайды Turantimes.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Министрдің айтуынша, әлемнің көптеген елдеріндегідей Қазақстанда да эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалды. Сондықтан барша қазақстандық ата-аналар балалаларына қызылшаға қарсы екпе салғызған жөн. Бұл инфекция жұқпалы, жөтелгенде, түшкіргенде ауа тамшылары арқылы тез беріледі. 


«Біз соңғы 2 айда бұл аурудың күрт өскенін көріп отырмыз. 13 мыңнан астам адам ауырып қалды, оның 83%-ын негізінен 5 жасқа дейінгі балалар құрайды, егілмеген ересектер де бар», - деп жалғастырды Денсаулық сақтау министрі. 


Бұл жағдайда науқастардың 70%-ы егілмеген балалар. «Олардың көпшілігі, яғни 60%-ы вакцинациялаудан бас тартуға байланысты егілмегендер, медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты 18% егілмегендер, 22% егу жасына жетпегендер. Бүгінгі таңда барлығы 2013 бала, оның ішінде 30 бала ауыр жағдайда емдеуге жатқызылды», - деді министр.


Қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуі аясында қосымша иммундау жүргізу туралы шешім қабылданды. Ол қаңтар айының соңына дейін созылады, вакцина жеткілікті.


«Қызылша пневмония, түрлі қабыну, отит секілді, соқырлыққа дейін қауіпті асқынуларға әкелуі мүмкін.  Бүгінгі таңда қызылшаны емдеудің өзіне тән емі жоқ, сондықтан мұндай қауіпті инфекциядан сақтанудың жалғыз жолы - тек вакцинациялау. Вакцинаның өзінен қорықпау керек, ол тексерілген, біз оны жыл сайын ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес қолданамыз», - деп қорытындылады ведомство басшысы.


Қызылшаға қарсы профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес біздің елде жоспарлы түрде екі рет егілетінін естеріңізге сала кетейік: бала алғашқы егуді 12-15 айлығында, екіншісін - 6 жаста алады.


Ағымдағы жылы ДМИ шеңберінде вакцинациялау халықтың мынадай топтарына:  6 айдан бастап 10 ай 29 күн болған балаларға, 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күн болған балаларға, сондай-ақ бұрын егілмеген медицина қызметкерлеріне (55 жасқа дейін), профилактикалық егпе алмаған 18 жасқа дейінгі адамдарға жүргізіледі.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости