RSS лента

Сәуірде 1 миллионнан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы екпе алады

  • 20.03.2021, 16:31,
  • 1 126
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Сәуле МАҒАУ

Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

– Сәуір айында Қазақстанда 1 миллионнан астам азаматты COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жоспарлануда. Республика бойынша халықты КВИ-ге қарсы кезең-кезеңімен вакцинациялау жалғасуда. Бүгінгі күні еліміздің өңірлеріне 145 мың доза вакцина жеткізілді. Ал ағымдағы жылғы наурыздың соңына дейін қосымша 150 мың дозаны жеткізу күтілуде. 2021 жылғы 19 наурыздағы жағдай бойынша 100 мыңнан астам адам егілді, оның ішінде 63 мыңнан астам медицина қызметкері, 22 мың педагог, күш құрылымдарының 7 мың қызметкері, 8 мың – азаматтардың басқа санаттары.

 

Бұл ретте егілген адамдардың 1%-ында күтілетін реакциялар, мысалы, дене температурасы көтерілген тұмауға ұқсас жай-күйлер, жалпы әлсіздік, сондай-ақ вакцина енгізілген жердің ісінуі және қызаруы түріндегі жергілікті көріністер тіркелуде. Халықты одан әрі иммундау мақсатында ағымдағы жылдың сәуір айында 1 млн. астам азамат вакцинацияланатын болады. Осыған байланысты созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған, 65 жастан асқан адамдарды, сондай-ақ азаматтардың басқа да санаттарын қоса алғанда, вакцинациялауға жататын халық топтарын кеңейту көзделуде. Вакцинация КВИ-мен күресудегі ең тиімді шара болып табылады, – деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости