Министрліктің хабарлауынша, халықтың арасында қызылша инфекциясымен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер егу мәртебесіне қарамастан балаларға қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізу жөніндегі қаулыға қол қойды.
Жалпы, қосымша жаппай иммундау жүргізу үшін ҚҚП-ға қарсы вакцинаның 1,5 млн.астам дозасы сатып алынды.
Вакцинациялау үшін «Serum Institute of India» шығарған қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚҚП) қарсы аралас вакцина қолданылады. Бұл вакцинаны өндіруде өндірілетін вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беретін ДДҰ алдын ала біліктілігі бар. Қызылшаға қарсы вакцина 60 жыл бойы қолданылып келеді және аурудың таралуын тоқтату үшін ұсынылады.
Қызылша – инфекцияның таралуы ауа тамшылары арқылы болатын жұқпалы вирустық инфекциялардың бірі. Қызылшамен ауырмаған және оған қарсы егілмеген адамдар өмір бойы қызылшаға өте сезімтал болып қалады және кез келген жаста ауырып қалуы мүмкін.
Денсаулық сақтау министрлігі қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында 6 қарашадан бастап қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундауды бастады.
Бірінші кезекте 6 айдан 11 айға дейінгі балалар иммундауға жатады. Желтоқсаннан бастап егу мәртебесіне қарамастан 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды, медицина қызметкерлерін (55 жасқа дейін), сондай-ақ профилактикалық егуді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі адамдарды қызылшаға қарсы қосымша иммундау жоспарлануда.
Қызылшаға қарсы профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес біздің елде жоспарлы түрде екі рет егілетінін: бала алғашқы егуді 12-15 айлығында, екіншісін - 6 жасында алатынын естеріңізге сала кетейік.