RSS лента

Балаларға коронавирусқа қарсы екпе салынбақ

  • 14.06.2021, 12:07,
  • 687
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

ҚазҰМУ жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Разила Егембердиева Қазақстанда коронавирусқа қарсы балалар мен жасөспірімдерге вакцина егу жоспарланатынын жеткізді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Балалар мен жасөспірімдерге вакцина егу өте қажет. Балалар контингентінде коронавирус ауруының жиілеуі туралы мәліметтер көбейіп келеді және олардың арасында ауыр жағдайлар тіркелген. Ресей ғалымдарының айтуынша, COVID-19-қа қарсы барлық үш вакцина педиатрияда алдағы уақытта қолданылады, бірақ балалардың дозасы ересек адамнан әртүрлі болуы керек. Менің ойымша, біз балаларға вакцина егуді ұсынатын кезеңге де жақындаймыз» деді ол.

Оставить комментарий
Последние новости