RSS лента

Қай облыстарда су басу қаупі бар?

  • 09.01.2024, 19:00,
  • 341
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Су тасқынына қарсы іс-шаралар Жол картасы аясында 126 іс-шара орындалды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атап айтқанда: жағалауды нығайту және түбін тереңдету жұмыстары, нөсер кәріздері мен қорғаныс бөгеттерін жөндеу және салу, су өткізу құбырларын жөндеу және ауыстыру және т. б. Бірқатар өңірлерде құрылыс жұмыстары жалғасуда. Ақмола облысында Есіл су реттегішін салу бойынша жобалау сметалық құжаттамалары әзірленуде. Бұл туралы ҚР ТЖМ мәлім етті.

 

    «Өткен жылғы талдау көрсеткендей, ойпатты бөліктерде салынған, сондай-ақ су қорғау белдеулерінде және өзен арналарына жақын орналасқан үйлер негізінен су астында қалды. Қазіргі уақытта ғимараттарды су қорғау белдеулеріне орналастыру барлық жерде проблема болып табылады! Нәтижесінде, мемлекет су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға өтемақы төлемдерін жүзеге асырады. Осыған байланысты, әкімдіктер бірінші кезекте, осы елді мекендерді қорғауды қамтамасыз етуді немесе оларды көшіру мүмкіндігін қарауды және бұл аймақтарда болашақта құрылысқа тыйым салу қажет», - деді ҚР ТЖМ басшысы Сырым Шәріпханов Үкімет отырысында.

 

Қазгидрометтің алдын ала болжамына сәйкес, еліміздің көптеген өңірлерінде жауын шашын мөлшері нормадан көп топырақтың терең қату ықтималдығына күтілуде.

 

Осыған байланысты ТЖ министрі оңтүстік және солтүстік өңірдерді жоғары әзірлік режиміне көшуге шақырды.

 

Су тасқыны жағдайының ықтимал асқынуларына жедел ден қою мақсатында 39 мыңнан астам адам, шамамен 11 мың бірлік техника, 500-ден астам жүзу құралы және 3 мыңнан астам мотопомпа санында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштер мен құралдардың арнайы топтары құрылды.

 

Азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының іс-қимылдарын тәжірибелік пысықтау Ақтөбе қаласында басқарма штабымен «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

 

Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық және оны тұрақты өткізу мақсатында ТЖ министрі әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарларында және өңірлердің даму жоспарларында көзделген су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости