RSS лента

Дәрменсіз тұрғынның атына кредит алған...

  • 03.06.2024, 14:16,
  • 141
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Пысықай азамат әрекетке қабілетсіз тұрғынға заңсыз несие рәсімдеген, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атырау облыстық соттың баспасөз қызметінен білгеніміздей, азаматтық істер жөніндегі сот алқасында әрекетке қабілетсіз Т.Н.-ның мүддесінде талап қоюшы Д.А.-ның жауапкерлер К.А., АҚ және ЖШС-не мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды. Талап қою арызында жауапкер К.А.-ның Т.Н.-ны алдап, оған түрлі несиелік мекемелерден несиелер рәсімдегені көрсетілген. Атырау қалалық сотының шешімімен бірқатар банктік қарыз шарттары жарамсыз деп танылды. Апелляциялық сатыда іс жауапкерлер – несиелік мекемелердің апелляциялық шағымдары бойынша қаралды, олар бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюды сұраған.

 

 

Сотпен жауапкер К.А.-ның психикалық ауруы салдарынан сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған Т.Н.-ның атынан несие рәсімдегені анықталды. Бірінші сатыдағы сот талап қою арызын қанағаттандырып, даулы шарттарға қол қойылған сәтте Т.Н.-ның өз іс-әрекетінің мәнін түсінбегенін көрсетті. Істі алқада қарау барысында қайтадан психиатриялық сараптама тағайындалып, Т.Н.-ның ақыл-ой кемістігі расталды. Осыған байланысты азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз, жауапкерлердің апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости