RSS лента

Ыдыс-аяқ дауы сотқа ұласты

  • 03.06.2024, 11:35,
  • 146
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Махамбет аудандық сотында талап қоюшы А.-ның жауапкер І.-ден арзан бағада ыдыс-аяқ алып беруі үшін төленген 780 000 теңгені өндіру туралы талап бойынша азаматтық ісі қаралды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Талап қоюшы 2022 жылғы ақпан-шілде айлары аралығында ауызша келісім бойынша тауар үшін жауапкерге Каспий қосымшасы арқылы 820 900 теңге сомасында ақша қаражатын аударған. Талап қоюшыға тек 40 000 теңгенің ыдыс-аяғы ғана жеткізіліп, жауапкер қалған қаражатқа ыдысты жеткізуден жалтарған. Талап қоюшы жауапкерден өз қаражатын қайтаруды талап еткен, алайда ол 2 жыл уақыт ішінде қарызын қайтармаған. Талап қоюшы қарыз сомасын мәжбүрлі түрде өндіріп алу үшін сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

 

Сотта татуластырушы-судьямен татуласу рәсімін жүргізу нәтижесінде тараптар өзара татуласу келісіміне қол жеткізді. Келісім шарттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшыға 780 900 теңгені сегіз айда бөліп әр айдың 01-не дейін төлеуге міндеттенді. Талап қоюшы талабынан бас тартты. Сот ұйғарымымен татуласу келісімі бекітілді, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

 

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

 

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости