Қыркүйек айының ортасында Семей қаласының ПБ орталық полиция бөліміне 35 жастағы ер адам келіп, осы жылдың 6 маусымында WhatsApp мессенджерін пайдаланып Қытайдан тауарға тапсырыс бергенін айтты. Рolisia.kz мәлім еткендей, алаяқ өзінің деректемелерін жіберіп, тауардың құнын алдын-ала төлеуді талап еткен. Жәбірленуші алаяқтың айла-амалдарына күдіктенбей, сатушының талаптарын орындап, бірден 1 миллион 500 мың теңгеден астам қаражат аударды. Екінші аударымнан кейін тауарды жеткізуге уәде берген сатушы байланысқа шығуды тоқтатты. Ер адам алданғанын түсініп, полицияға жүгінді.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары Семей қаласының 35 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шыққан күдіктінің жеке басын анықтады. Жауап алу барысында күдікті ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндіріп, кінәсін мойындады.
– Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы 1,2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция алаяқтың басқа қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр, – деді Абай облысы ПД бастығы Бекторе Сұлтан.