RSS лента

Тұрғындарды шошытқан ақпарат тарады...

  • 11.04.2024, 14:05,
  • 3 109
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде «әйелдер мен балалар шұғыл 15-16 сәуірге дейін Атырау қаласын тастап шығуы керек. Сабақ онлайн форматқа ауысты. Тасқын су келген жағдайда жарық екі ай болмайды» деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлім етті. Атыраудағы коммуналдық қызметтер төтенше жағдай режимінде қалыпты жұмыс істеуде. Атырауда тасқынның алдын алуға қатысты қауіпсіздік шаралары тәулік бойы жалғасуда.

 

«Төтенше жағдай режимі кезінде жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатынын қаперге береміз» делінген хабарламада.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости