Мұндай шешімді жедел жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаев жеке өзі қабылдаған екен. Ресми stopfake.kz мәліметінше, станция өкілдері елордада бригадалар саны азаймағанын айтып отыр.
– Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ КК бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және жалған болып табылатынын ресми түрде хабарлайды. 2022 жылмен салыстырғанда биыл 15 тәуліктік бригада қосылды. Қауесетке сенбеуге және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз. Желідегі бригадалардың саны нормативтерге сәйкес келеді. Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясында барлық қажетті кадрлық және техникалық ресурстар бар, – делінген хабарламада.