RSS лента

Сегізінші қабаттан құлап, өзі жедел жәрдем шақырған

  • 08.02.2022, 03:47,
  • 411
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Якутск тұрғыны сегізінші қабаттан құлап, өзі жедел жәрдем шақырған. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Желі қолданушылары жұма, 4 ақпанда Якутск тұрғыны сегізінші қабаттан құлап түскенін, алайда ол аман қалып, өзі жедел жәрдем шақырғанын жарыса жазған еді. Артынша Желіде әйел адамның құлаған сәтінің видеосы пайда болды.


«Якутск қаласы бойынша тергеу басқармасы 1991 жылы туған әйел адамның сегізінші қабаттан құлауы дерегі бойынша процессуалдық тексерісті бастады. Бүгінде әйел адам жансақтау бөлімінде жатыр. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес шешім қабылданатын болады», — деді Ресей тергеу комитетінің тергеу басқармасы басшысының Саха (Якутия) Республикасындағы аға көмекшісі Надежда Дворецкая.


Өңірдегі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел адам республикалық №2 ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр екенін айтады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости