RSS лента

Жедел жәрдем жүргізушілері наразылыққа шықты

  • 27.01.2022, 03:34,
  • 543
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Ақтауда жедел жәрдем жүргізушілері наразылыққа шықты. Басты себеп – жалақының аздығы, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Соңғы 8 жылда еңбекақы мүлдем өспегенін айтқан олар денсаулық сақтау министрлігіне талап қойды. әр ауданнан жиналған олар науқастарды күні-түні тасысақ та, медицина қызметкері деген санатқа да енбеймиз деп ашулы.


– Медработникке сіздер жатпайсыздар дейді. Қалай екенін? 2014-тен бері қарай көтерілген жоқ. Жылда осылай жылдың басында жиналамыз, уәде береді. Осы жылда да берді ғой уәдені на самом деле қағаз жүзінде әлі ештеңе шешілмеген, — дейді жедел жәрдем жүргізушісі Ержан Меңдалиев.


– Арыз жазып жатырмыз, жалақының төмендігін көрсетіп жатырмыз,қымбатшылықты айтып жатырмыз, бәрін айтып жатырмыз. Бірақ, талап орындалмай тұр. Санитардың, фельдшердің, дәрігердің жалақысы көтерілді, жүргізушілер көтерілмей қалып қойды, — деп қынжылды жедел жәрдем жүргізушісі Мұрат Белбаев.


Көлік бұзылса да “тек порталмен жасалады» деген жауап аламыз. Бұдан бөлек, қауқары жоқ кәсіподақтың да тарағанын қалайды. Ал жедел жәрдем станциясының директоры қызметкерлерінің сөзін жоққа шығарып отыр. 2020 жылдан бері жалақыға барлығы 25 мың теңге қосылған.


– Басқа жақтарда барлық жүргізушілер 78 мың жалақы алады ал біздер мекеменің атынан 2020 жылы 12 мың теңге қостық айлық жалақыларына. 2021 жылы 13 мың қостық. Сонымен мекеменің атынан бұл кісілерге өздерінің үкімет бекіткен айлық жалақысынан басқа 25 мың теңге жүргізушілердің жағдайын ескеріп төленіп келді, — деп жауап берді Маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясының директоры Айларбек Шыршықбаев.


Және биыл бекітілген еңбекақыға қосымша 50 мың тг төлейміз деп сендірді басшылық. Ал бұзылған көліктерді жөндеу келісім шарт негізінде қызмет көрсететін компанияларға жүктелмек.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости