RSS лента

Астанада жаңаөзендіктерге визалық режим енгізіле ме?

Автор фото: stopfake.kz

Ресми stopfake.kz мәлім еткендей, бұл ақпаратты елорда әкімдігі жоққа шығарды.

 

«Желіде елордада Қазақстанның наразылық білдірген қалаларының тұрғындары үшін визалық режим енгізілетіні туралы жалған ақпарат таратылуда. Астана әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат тарату ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады», – делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.

 

Айта кетейік, таралған ақпараттың көзі – Qaznews24 сатиралық Instagram-аккаунты.

 

Парақшаның профилінде шынайы емес, ойдан шығарылған жаңалықтар жарияланатыны жазылған.

Оставить комментарий
Последние новости