RSS лента

«Димаш Құдайберген оппозициялық партияға қосылуға шақырды» – фейк

  • 25.04.2022, 04:23,
  • 705
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stopfake.kz

Әлеуметтік желілерде әнші Димаш Құдайбергеннің қазақстандықтарды «Алға Қазақстан» оппозициялық партиясына кіруге шақырғаны туралы ақпарат таралып жатыр. Бұл фейк, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жаңалықтың дереккөзі – qazinform24 сатиралық Instagram-аккаунты.


Бұл парақшада шынайы және сенімді ақпараттар жарияланбайды, бұл туралы оның профилінде жазылған. Аккаунтта тек ойдан шығарылған «жаңалықтар» ғана шығарылады.


Демек, әншінің оппозициялық партияларға қосылуға шақырғаны туралы ақпаратқа сенудің қажеті жоқ. Бұл өтірік.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости